Тегін сынақ сабағы

Бірінші сабағыңыз тегін әрі сабақ туралы пікір қалыптастыруға арналған сағат болады*.

Бұл сабақтың маңызы аса жоғары, себебі осы сабақта студент пен оқытушы бірінші рет бір-бірімен кездесіп, танысады, бірге жұмыс істей ала ма екенін көреді әрі студенттің мақсаты мен қиындықтарын қарастырады. Бұл сабақ барысында оқытушы оқушының деңгейін де анықтай алады.

Тегін сабақ 30 минутқа созылады. Сабақтың барысында

  • сәлемдесу және қысқаша әңгімелесу;
  • мұғалімнің оқушы деңгейі туралы сұрақтары;
  • студенттің мұғалімнің білімі мен тәжірибесі туралы сұрақтары;
  • студенттің грамматика, оқу, сөйлеу, тыңдау және жазу сияқты негізгі тілдік дағдыларды меңгеру деңгейін бағалау үшін пайдаланылатын қысқа мәтін;
  • оқу материалдарын таңдау (студентке электронды түрде жіберіледі);
  • үй тапсырмасы талқыланады.

Тегін сабақты алу мүмкіндігі әрбір студентке беріледі. Студент одан кейін қанша сабақ (мейлі 1, не 10 болса да)алғысы келетіні маңызды емес. Яғни егер сіз бір сабаққа жазылсаңыз, екі сабақ аласыз. Оның біреуі тегін, екіншісі ақылы болады.

* Бұл сабаққа билингвальды балалардың ата-аналарына жеке кеңес беру сабақтары немесе оқушының деңгейін анықтауға арналған тест өткізу сабақтары кірмейді.

Оқуға тапсырыңыз